Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өмірлік ұстанымы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол өзін іштей жауынгер сезінетінін және қарамағындағыларға қатаң талап қоятынын айтты.
«Мен біреуге аққу, енді біреуге қарға болып көрінуім мүмкін. Ол маңызды емес. Көпшілік менің маңдайымнан бақ, басымнан тәж көргенімен, өзімді іштей жауынгер сезінемін. Менің ұстанымымда отбасым, балаларым, жақындарым, командам менің қамқорлығымда болғаны үшін жауаптымын. Иә, талабым қатал. Бірақ айналамдағы адамдарды ешкімге ренжіткізе алмаймын. Жақын деп тапқан қарым-қатынасымды құпия, жария ұстау да өз еркімде деп білемін. Ал егер арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін», – деп жазды ол.
Актрисаның бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.