Өскелең ұрпаққа өнеге

Талдықорғанда «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалы балаларға арналған мәдени-рухани шара ұйымдастырды. Онда «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасылардың балалары «Алтай – Атырау» қойылымын тамашалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұрпақ тәрбиесі ел тағдырына тікелей әсер ететін аса маңызды міндет. Осы орайда партия филиалы ұйытқы болған мәдени бастама балалардың шығармашылыққа және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырды.

Бұл қойылымды белгілі театр және кино актері Кендебай Темірбайұлы же­текшілік ететін «Жас актер» жастар театры ұсынды. Мұндағы басты мақсат – ба­ла­лардың ұлттық өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, ұрпақ тәрбиесіне қоғам назарын аудару.

– Осындай игі бастамаға атсалысқан барша азаматқа алғысымды білдіремін. Балалардың қуанышын бөлісіп, олардың рухани дамуына үлес қосу – баршамызға ортақ міндет, – деді «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшысы Амангелді Есбай.

Театр ұжымының айтуынша, мұн­дай кездесулер балалар үшін аса ма­ңызды. Себебі театр сахнасында адам­гершілік, отансүйгіштік, мейірімділік және жауап­кершілік сынды қастерлі құндылықтар дәріптеледі. Қойылым соңында жиынға қатысқан 250 балаға балмұздақ таратылды. Бүл игі іске партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі Римма Салықова қолдау көрсетті.

Бекбол АМАНГЕЛДІ