Baby Tennis – болашақ чемпиондар алаңы

Қордайда Baby Tennis балалар теннис фестивалі өтті. Ерекше спорттық шара білікті бапкер Марина Мартышеваның бастамасымен және «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық Әйелдер қанатының қолдауымен ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – балаларды кішкен­тай күнінен шынықтыру, белсенді өмір сал­тына үйрету және ата-аналарды да спорт­тық ортаға тарту. Себебі бүгінгі бүл­діршін – ертеңгі ел намысын қорғайтын чемпион! «Үлкен теннис – болашақ чем­пиондар алаңы» атты фестивальға 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер, олардың ата-аналары мен балабақша тәрбиешілері қатысты. Фестивальды Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Кішкентай спортшылар қызықты эста­феталар мен сайыстарда бақ сынап, спортқа деген алғашқы қадамдарын жасады. Шара соңында «Әділет» партиясы Әйелдер қанаты атынан сыйлықтар табысталды.

Бекбол АМАНГЕЛДІ