Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының елімізде төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығының негізінде 2020 жылғы 19 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету бойынша барлық шараларды қабылдау туралы тапсырма қойған болатын. [caption id="attachment_31063" align="alignnone" > © Сурет ДШӘ баспасөз қызметінен[/caption] Қойылған тапсырманы орындау үшін ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Абубакиров Қаныш Асанханүлының жетекшілік етуімен жедел штаб құрылып, Алматы қаласына кіріп шығуды тоқтату мақсатында 21 блок бекеттері жасақталды. Қазіргі таңда, Алматы қаласы Полиция департаментімен және Санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен бірлесе отырып Алматы гарнизонының әскери қызметшілері карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге тартылды. [caption id="attachment_31062" align="alignnone" > © Сурет ДШӘ баспасөз қызметінен[/caption] Сондай-ақ, қаланы дезинфекциялау мен санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша бөлімшелер құрылды. COVID-19 вирусының таралуына қарсы әрекет етуде өздерінің өмірлеріне төнетін қауіпке қарамастан, Десанттық-шабуылдау әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонының әскери қызметшілері, ҚР ҚМ Құрлық әскерлері Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жеке құрамы қойылған тапсырманы орындауда жоғары жауапкершілік пен белсенділік танытуда. [caption id="attachment_31060" align="alignnone" > © Сурет ДШӘ баспасөз қызметінен[/caption] Сонымен қатар, қала маңына қойылған блок бекеттерінде Ливан елінде БҰҰ бітімгерлік міндеттерін орындаған бітімгерлер ле қызмет атқаруда. Бітімгерлік міндеттерін орындау барысында өзге де күшті құрылымдармен және қарапайым тұрғындармен бірлесе отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мол тәжірибе жинақтаған әскери қызметшілер орын алып отырған төтенше жағдайда шапшаңдылық танытып, қысқа мерзімде Алматы қаласының басқа да құрылымдарымен бірлескен түрде қала маңында блок бекеттерді орналастырды.
«Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері мен Алматы өңірлік гарнизонының жеке құрамы коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету бойынша іс-шараларға белсенді түрде ат салысуда. Вирус таралатын қауіпті аймақтар мен нысандарды өңдеу бойынша арнайы жасақ құрылды. Қазіргі таңда Алматы қаласының аумағы бойынша 170 гектардан астам аймақ дезинфекциялаудан өткізіліп, 60-қа жуық нысанға санитарлық өңдеу жасалды. Олар тұрғын үй кешендері, бала-бақшалар, базарлар мен ауруханалар, мектептер мен Алматы қаласының ірі даңғылдары. Коронавирусқа қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға Алматы қаласы бойынша 2000-нан астам әскери қызметшілер жұмылдырылды. Біз – Қазақстан армиясы кез келген сынақта халқымыздың қорғаны болуға дайынбыз. Біздің міндетіміз елімізді сыртқы күштерден ғана емес, осындай тосыннан келген індеттерден де қорғау болып табылады. Біз әрдайым елімізбен біргеміз және оны қорғау жолында қолдан келгеннің бәрін жасаймыз»,- деді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Абубакиров Қаныш мырза.