Жапонияның Аичи префектурасында баскетболдан (5×5) Қазақстан әйелдер командасы В тобындағы кезекті ойынын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Топтағы шешуші матчта Қазақстан мен Гонконг шеберлік байқасты. Отандастарымыз тартысты ойынның 4-бөлігінде басымдық танытып, таразы басын 68:68 теңестірді. Осыдан кейін қосымша 5 минут овертаймда Ұлттық құрама 80:77 есебін тіркеп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Біздің ойыншылар сапынан ең көп ұпайды қорғаушы Анастасия Алишаускайте жинады (22 ұпай).
Осылайша, Қазақстан В тобында 3-орын алды. Әйелдер командасының плей-офф кезеңіне шығатын мүмкіндігі бар. Бұл біраздан соң өтетін С тобындағы шешуші тур ойындарының нәтижесіне байланысты.
Жалпы, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.