Энергетика министрлігі газ инфрақұрылымын кеңейту және халықты табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Ақмола облысының Қызылсуат ауылында газдандыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, 730 абонентке табиғи газға қосылуға мүмкіндік берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
QazaqGaz Aimaq АҚ мәліметінше, жоба аясында 67,3 шақырым газ құбыры тартылып, 1 газ реттеу пункті және 8 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Құрылған инфрақұрылым тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне кезең-кезеңімен қосуға мүмкіндік береді.
Жалпы, 2026 жылы еліміз бойынша газдандырудың 40 жобасы іске асуда, оның ішінде 7 жоба өткен жылдан ауысқан. Жобаларды іске асыру нәтижесінде тағы 37 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді.
2035 жылға қарай еліміздегі газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу жоспарлануда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.