Семсерлесуден Ирина Бакалдина мен Владислава Андреева ширек финалда бақ сынады

ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында семсерлесуден сапы сайысы өтіп жатыр.

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында семсерлесуден сапы сайысының бәсекелері өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владислава Андреева 1/4 финалда Қытай өкілі Жингвен Янгтен 10:15 есебімен жол берсе, биылғы Азия чемпионы, 29 жастағы Ирина Бакалдина Сингапур спортшысы Елижах Робсон Самуэльден 14:15 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.