Халық кеңесінің бірінші сессиясы 23-24 қыркүйек күндері өтеді

Бұл туралы Ақорда жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.

«Қазақстан Халық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабы  2-тармағына сәйкес:

1. Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын.

2. Қазақстан Халық кеңесінің Хатшылығы бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын, делінген құқықтық актіде.