Қазақстанда автомектеп ашу үшін рұқсат алу тәртібі енгізіледі

Бұл туралы Үкіметте өткен жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мақсатында ІІМ авто мектептер ашу үшін рұқсат алу тәртібіне көшуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Рұқсат беру кезінде оқытушылардың белгіленген талаптарға сәйкестігі, қажетті оқу базасы мен автокөліктердің болуы тексеріледі.

Бұған дейін даярлық сапасын арттыру мақсатында авто мектептердегі тыңдаушыларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген болатын, сонымен қатар өздігінен дайындалу мүмкіндігі жойылып, курсты аяқтағаны туралы қағаз куәліктерді пайдалану тоқтатылды.

Бұл туралы Үкіметте өткен жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында айтылды.