«Сағынғандарыңызды түсіндім...»: Балжан Бидаш әсерлі жазба жариялады

Концерттен кейінгі әсерін айтты.

Әнші, KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Балжан Бидаш әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі топтың 20 жылдық мерейтойлық концертінде өзіне қолдау көрсеткен көрерменге алғыс білдірді. Сонымен қатар көрерменнің қошеметі шабыт бергенін айтты.

«Мені көрген сәттегі реакцияларыңыз... Бұлай күтеді деп шынымен ойламадым. Залдың дауысы, эмоцияларыңыз, қолдауларыңыз мықты сезілді. Сол кезде қаншалықты сағынғанымды, сіздердің де мені сағынғандарыңызды түсіндім. Осындай риясыз махаббат үшін рақмет! Мен сіздерді жақсы көрем. Қайтар жүрегімді, KeshYou», – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.