Қазақстан құрамасының екі спортшысы ушудан Азия ойындарының жартылай финалына өтті

Отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға өтті.

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында ушу-саньдадан ширек финалдық бәсекелер аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, Абдурашид Абдуллаев 75 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Непал өкілі Санджив Махарджанмен кездесті.

Отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға өтті.

Сондай-ақ 70 келіге дейінгі салмақта Әлижан Аблағатов қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты жеңімпаз атанды. Айта кетейік, жартылай финал 23 қыркүйекте өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.