«Бір адам себепкер болды...»: Гүлнұр Оразымбетова өнерге қалай келгенін айтты

Айтуынша, 9-сыныпты бітіргеннен кейін білім алу үшін үйінен жалғыз өзі кетіп қалған.

Әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желідегі парақшасында өнер жолына қалай қадам басқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, 9-сыныпты бітіргеннен кейін білім алу үшін үйінен жалғыз өзі кетіп қалған. Алда не күтіп тұрғанын білмесе де, білімі мен өнеріне сенген.

«Мен алғаш рет 9-сыныптан кейін оқуға түсем3y деп, үйден кеттім. Жалғыз өзім… Алдымда не күтіп тұрғаны беймәлім… Бар сенгенім білімім, өнерім… Төсектің астындағы дәу қара чемоданға екі-үш киімімді салып, кеттім де қалдым. Әкемнің қарындасы Шамшырақ апам күтіп алып, оқуға құжат тапсырдым. 1 балл жетпеді… Ауылға қайтқым жоқ… Не болса да, колледж директоры Әлима апайды дәлізде күтіп, келе жатқанда домбырамен ән айттым, барымды салып... Кабинетіне шақырды. Оқуға қабылдандым... Колледждің үздік те, өнерлі студенті болдым. Ән айтатын барлық есіктер ашылды. Ән айтатын өнерімнің арқасында елге танылдым. Сондағы бір ғана адамның себепкер болғанының арқасында», - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.