«Талағын беріп, тастап кетті»: актриса Жанель Мақажан күйеуімен ажырасқанын айтты

Айтуынша, бұрынғы күйеуі отбасына қорған бола алмаған.

Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Желідегі оқырман актрисадан ажырасу себебін сұраған. Өнер иесі бұрынғы күйеуі отбасына қорған бола алмағанын айтты. Сонымен қатар жігіттің отбасы екі жастың қосылуына әуел бастан қарсы болса, мұны елеусіз қалдырмауға кеңес берді. 

«Күйеуің сені, бала-шағаңды өз туыстарына талатып отырса, өз отбасын шын мәнінде қорғамаса, шешесінің, жанындағы психологтарының, достарының айтқанына еріп, саған талағын беріп, отбасын тастап кетсе… Бірақ ел алдында керемет әке, жардың бейнесінде жүрсе қиын екен. Біз, әйелдер, сенеміз ғой, барымызды береміз: энергиямызды, ақшамызды, мотивациямызды. Денсаулығың өшіп бара жатқанын байқамайды екенсің. Екі дүниенің бақытын бірге көреміз деп барыңды саласың. Сол жерде ақымақ болғаныңды түсінесің. “Бәрі керемет болады” деген аңғал үмітпен жүресің”, – дейді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM   арнасынан табасыз.