Стенд атудан Қазақстан әйелдер командасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Скит бағдарламасында іріктеу нәтижесінде Қазақстан 2-орын алды.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азиадада стенд атудан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Скит бағдарламасында іріктеу нәтижесінде Қазақстан 2-орын алды. Команда сапында Әсем Орынбай, Зоя Пискун пен Адель Садақбаева бақ сынады. Олар 274 ұпай жинады. Бұл сында Қытай құрамасы 287 ұпаймен топ жарды. Үздік үштікті Үндістан түйіндеді (266 ұпай).

Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.