Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.