Өскеменде құтқарушылар өрттен 15 адамды эвакуациялады

Өрт 4 шаршы метр ауданда сөндірілді. 

Өскемендегі Жастар көшесінде 10 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде жиһаздар мен жеке заттар жанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өрт сөндірушілер қауіпті түтін аймағынан 15 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады.

Өрт 4 шаршы метр ауданда сөндірілді. Себебі анықталуда.

ТЖМ еске салады: түтіннің иісі немесе өрттің алғашқы белгілері байқалса, дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Өрттің салдарын жоюдан гөрі оның алдын алу оңайырақ. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.