Петропавлда ескі қағаздан жаңа өнім шығаратын зауыт салынып жатыр

Мұнда тек қағаз емес, судың өзі де қайта пайдаланылады.

Петропавлда ескі қағазды қайта өңдеп, жаңа өнім шығаратын алып зауыт салынып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бастапқы кезеңде мұнда тәулігіне 60 тонна санитарлық-гигиеналық қағаз өндіру жоспарланған. Бірақ ең қызығы — 1 тонна өнімге 200 текше метрден астам су қажет.

Сондықтан зауытта суды бір рет алып, тазалап, қайта айналымға жіберетін арнайы жүйе қарастырылған.

Мұнда тек қағаз емес, судың өзі де қайта пайдаланылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.