Продюсер Баян Мақсатқызы KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концертті Қырғызстанда өткізетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Топ жақында Астанада шоу ұйымдастырған болатын. Енді Бішкек сахнасында өнер көрсетпек. Мұны топтың продюсері Баян Мақсатқызы жеткізді. Продюсер бұл бастамасын қолдау үшін күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовпен ақылдасқан.
«Тұрсынғали Алагөзов келісті. Дегенмен әлде де осы туралы жақсылап сөйлесу керек. KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концерт Бішкекте өткенін қалайсыздар ма?”, – деді продюсер.
Оны командасы қолдап, қошемет көрсетіп жатқанын байқауға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.