Елдің оңтүстігі мен батысында ыстық ауа райы сақталады, солтүстігі мен шығысында кей жерлерде жаңбыр жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның батысында шаңды дауыл күтіледі. Ел бойынша жел күшейеді, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Түнде және таңертең елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Астанада: күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7 °C, күндіз +19...+21 °C.
Алматыда: күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14 °C, күндіз +25...+27 °C.
Дауылды ескерту сақталады:
24 қыркүйекте Жетісу облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 24 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 24-25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
24, күндіз 25 қыркүйекте Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. 24-25 қыркүйекте күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 24-25 қыркүйекте облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. 24-25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 24-25 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 24-25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
24-26 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз 24 қыркүйекте, тәулік бойы 25-26 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 24-26 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте күндіз Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 24 қыркүйекте күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
24 қыркүйекте күндіз Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
24 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Көкшетау қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар қ.: 24 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 24 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
24 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Петропавл қ.: 24 қыркүйекте жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 қыркүйекте күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 24 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте түнде Абай облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ: 24 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.