Облыс әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кетті

Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен босатылған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мәлік Әбдіқадыров өз еркімен қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Мәлік Әбдіқадыровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, болашақта сәттілік тіледі.

Мәлік Әбдіқадыров қызмет атқарған кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар бағытқа жетекшілік еткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.