7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жетті

Бұл туралы Президент Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы:
 
«Азаматтарымыз елімізде жүргізілген реформалардың тікелей куәгері болып, сол өзгерістердің нақты нәтижесін көріп отыр.
 
Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жетті.
 
Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асты. Осы кезеңде елімізге 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды.
 
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асты.
 
Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді.
 
2019 жылдан бастап, 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1 342 мектеп салынды.
 
Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті.
 
Сондай-ақ 1 200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылды.
 
Осы уақыт ішінде 35 мың шақырымнан астам автокөлік жолы салынып, жөнделді. Мұның бәрін тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш деуге болады.
 
Белсенді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді», - деді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.