Қазақстандық гимнаст Милад Карими Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды

Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті. Нәтижесінде, 14.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті. Нәтижесінде, 14.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло чемпион атанды - 14.666. Жапониялық Сёма Цукияма үздік қола жүлдеге ие болды - 14.566.