Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Азия ойындарында күміс медальға ие болды

Осылайша, Кирилл Проходов Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті күміс медаль салды.

Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз ақтық бәсекеде Коки Каномен (Жапония) айқасқа шықты. Тартысты бәсекеде жапониялық спортшы 15:13 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Коки Кано шпагадан Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы.

Осылайша, Кирилл Проходов Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті күміс медаль салды.