Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.