Құтқарушылар субұрқақтың бетонына қысылып қалған итті босатты

Ит зардап шеккен жоқ.

ТЖМ құтқарушылары субұрқақтың бетон конструкциясына қысылып қалған итті босатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жамбыл облысының «112» пультіне Тараз қаласындағы Төле би даңғылында орналасқан субұрқақтың бетон конструкцияларының арасында иттің қысылып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен жануарды абайлап босатты. Ит зардап шеккен жоқ.