Қазгидромет 26 қыркүйекте елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, найзағай, таңертең және күндіз таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) күндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 1 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.