Жүгері зауыты іске қосылды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс режимі арқылы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша өнеркәсіп паркі құрылысын бастауға рұқсат берді.

Жобаны әлемдегі биология­лық ашыту саласы көшбас­шы­ла­ры­ның бірі – қытайлық Fufeng Group компаниясы іске асырады. Өндірістік кешенді инвес­ти­ци­я­лаудың алғашқы кезеңіне 350 мил­лион доллар жұмсалды. Кә­сіп­орын жылына 500 мың тон­наға дейін жүгері өңдей алады.

Екінші кезеңде кәсіпорын­ның жүгері өңдеу қуатын жылына 3 мил­лион тоннаға дейін ұл­ғай­ту жә­не шығарылатын өнім түр­лерін арт­тыру қарастырыл­ған. Бұл кезеңдегі инвестиция­ның жалпы көлемі 1,15 миллиард долларды құрай­ды. Өнер­кә­сіп паркін құру 1,5 мыңға жуық жұ­мыс орнын ашу­ға және елі­мізде бидайды те­рең өңдеу бойынша толық өндіріс­тік циклді қа­лыптастыруға мүмкіндік бе­ре­ді. Сонымен қатар ауыл шар­уа­­шылығы шикізатын терең өң­деуді ілгерілетуге, Қытаймен өнер­кәсіптік ынтымақтас­тықты кеңейтуге, сондай-ақ отандық аг­роөнеркәсіп саласының экс­порт­тық әлеуетін нығайтуға сеп­тігін тигізеді.