25 қыркүйек күні Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан батысқазақстандық үш әскери қызметшінің мүрдесі Оралға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың мүрдесін жеткізген арнайы рейс Орал әуежайына сағат 08:45-те қонған.
Қаза тапқан әскери қызметшілерді ақтық сапарға шығарып салу және жерлеу рәсімдері 26 қыркүйекте өтеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасыларына жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. Бұл іске бизнес өкілдері де атсалысады.
Қазір жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.