Михаил Шайдоров Братиславадағы турнирде үздік үштікке енді

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 95,98 ұпай жинады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братиславада өтіп жатқан Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға жайғасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 95,98 ұпай жинады.

Жарыста 101,16 ұпай алған Евгений Семененко көш бастап тұр. Екінші орында 99,10 ұпаймен Италия өкілі Даниэль Грассль келеді.

Ондрей Непела мемориалы 24-27 қыркүйек аралығында Словакия астанасы Братиславада өтіп жатыр. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger сериясының күнтізбесіне енген.

Бұл – Шайдоровтың жаңа маусымдағы алғашқы ресми жарысы.