Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Ербол Ізбергенов 1973 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында дүниеге келген.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары және орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ербол Ізбергенов облыс әкімінің бірінші орынбасары, ал Бекбол Орынбасаров облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ербол Ізбергенов 1973 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы құрылыс-монтаж учаскесінде тас қалаушы болып бастаған.

Әр жылдары Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы, Инвестициялар және даму министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2020–2023 жылдары Ақтау қаласының әкімі болды. 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап осы тағайындауға дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бекбол Орынбасаров 1971 жылы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы кеден бекетінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде басқарма басшысы, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы және Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2023–2026 жылдары Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.