Әнші Садраддин Маңғыстау облысында болған қайғылы жағдайға байланысты Алматыда өтетін концерттерінің күнін ауыстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 26 қыркүйекке жоспарланған концерт 27 қыркүйекке, ал 27 қыркүйекте өтуге тиіс концерт 28 қыркүйекке ауыстырылды.
– Құрметті алматылықтар, қала қонақтары, тыңдармандарым! Маңғыстау облысында орын алған қайғылы жағдайға байланысты 26 қыркүйекке жоспарланған концертім 27 қыркүйекке, ал 27 қыркүйекке жоспарланған концертім 28 қыркүйекке ауыстырылатынын хабарлаймыз, – деп жазды Садраддин.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Реси дерек бойынша, 17 әскери қызметшіні теңіз ағысы алып кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.