Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды

Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін таңертең Астанада Журналистер аллеясында өрескел вандализм фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Екі жас жігіт мүсіндік композицияны, сондай-ақ іргелес аумақтағы қоқыс жәшіктерін қиратқан. Полиция, елорданың екі тұрғынын — 18 жастағы Денис Суранов пен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Мұндай әрекеттерге полиция тарапынан қатаң тосқауыл қойылып, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

"Заң мен тәртіп" қағидаты баршаға ортақ.