Астанада ер адам аялдаманың әйнегін сындырды

Оқиға Бөгенбай даңғылында болды

Астанада аялдамаға зақым келтірген жасөспірім жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

Бөгенбай батыр даңғылында жасөспірім аялдама павильонының әйнегін теуіп сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмаған жасөспірім профилактикалық есепке алынды. Оның мінез-құлқы мен жасаған құқық бұзушылығы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысында жеке қаралып, тиісті профилактикалық шаралар қабылданады.

Жасөспірімнің ата-анасы да баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Қалалық мүлікке келтірілген залал заңды өкілдерінен толық көлемде өндіріліп алынады.

Полиция мүлікке қасақана зиян келтіру деректерінің әрқайсысы бойынша тиісті шара қабылдайды. Кінәлілер анықталып, заңға сәйкес жауапқа тартылады.