Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол бұған дейін атқарған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Айдос Мырзахметов – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясының 2002 жылғы түлегі. Әскери қызметте взвод командирінен бастап Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарған.
2024 жылғы 9 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Айдос Мырзахметов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
2026 жылғы мамырда Президент Жарлығымен оған генерал-майор жоғары әскери атағы берілді.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.