Қорғаныс министрлігінде қаржының қалай жұмсалғаны тексеріледі

Комиссияға Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды жан-жақты зерделеу тапсырылды.

Жоғары аудиторлық палата Қазақстан Қорғаныс министрлігіне мемлекеттік аудит жүргізе бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Палатаның мәліметінше, аудит барысында бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылғаны және әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі тексеріледі.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөнінде комиссия құру туралы өкімге қол қойған еді.

Комиссияға Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды жан-жақты зерделеу тапсырылды.