Сабина Алтынбекова қай рудан екенін айтты

Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде өзінің қай рудан шыққанын айтты

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде өзінің қай рудан шыққанын айтып, қазақы ұлттық киіммен түскен суретін жариялады.

Оқырмандарының бірі спортшыдан руын сұраған. Сабина Алтынбекова сауалға: «Кіші жүз, Табын, Табынның ішіндегі Кедейғұл», – деп жауап берген.

Сонымен қатар волейболшы ұлттық бас киім тағып, қазақы әшекейлермен түскен суретін бөлісті.