Қарттарға азық-түлік жеткізілді
Қарттарға азық-түлік жеткізілді
© Сурет ғаламтордан
292
оқылды
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партиялық жобалардың аясында 18 наурыздан бастап «#Biz birgemiz!» акциясы басталды. Қазіргі уақытта "Nur Otan" партиясының Алматы қалалық филиалымен 1000-нан астам аса қажеттілікті талап ететін қалалық азаматтарға көмек көрсетілді. Карантин кезеңінде егде жастағы жалғызбасты адамдарға азық-түлік сатып алу және тамақ дайындау қиындық тудырады.  width= Осыған орай, «#Biz birgemiz!» акциясы мен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласының әкімдігі және Nomad MMA Қазақстан республикалық федерациясы 27 наурыздан бастап 90 жастан асқан жалғыз басты қарт адамдардың үйіне тегін ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырмақ. «Еліміз үшін туған қиын сәттерде Елбасының Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғындарды қолдау бойынша шақыруына біз – NOMAD MMA Федерациясы, Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы және Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығымен бірлесе отырып «#Biz birgemiz!» акциясын қолдау мақсатында карантин кезеңінің аяғына дейін 90 жастан асқан барлық жалғыз басты қарт адамдарды күн сайын ыстық тамақпен қамтамасыз етуде өз үлесімізді қосайық деп шештік. Қазір бұл адамдарға көмек қажет, олар тамақ дайындауға шамасы жоқ. Біз көмек қажет болған кезде шет қалмаймыз және барлық күш - жігерімізді жұмсаймыз", - деді Nomad ММА Республикалық Федерациясының Президенті Гаджи Гаджиев. Сонымен қатар ол спортшыларды жай ғана өсіру емес, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, салт-дәстүрімізді сақтап, аға буынға құрмет пен қамқорлық жасауды үйрету керектігін айтты.
«Біздің «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері күн сайын аса қажеттілікті талап ететін аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетіп жүр. Арнайы шотқа қаражат бөлген біздің кәсіпкерлер де шетте қалмай, өздерінің қомақты үлестерін қосуда. Біз осы қиын-қыстау уақытта барлық азаматтарды бірігіп, бір-бірімізге көмектесуге шақырамыз. Біз біргеміз!», - деді Мәди Ахметов, «Jas Otan» ЖҚ Алматылық филиалының төрағасы. Өз кезегінде тыл фронтының ардагері Оразкүл Мамисерова ыстық тамақ түрінде көрсетілген көмек үшін алғысын білдіріп: «Nur Otan» партиясына рақмет. Сізд ешқашан біз - ардагерлерді ұмытқан емессіздер. Бұл шынымен де сенуге болатын партия. Елбасы мен Президентімізге бізге арнап жасап жатқан қамқорлығы үшін мың алғыс!».
 width= Аталған акция аясында күн сайын карантин кезеңінің аяғына дейін 400-ден астам аса қажеттілікті талап ететін қарт адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарланған.