Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Facebook әлеуметтік желісінде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпаратты бұрмалап тарату әрекетін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі Орталыққа ұсынған ақпаратқа сәйкес, әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы мәлімет расталмады.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын ресми дереккөзге сілтемесі жоқ ақпаратқа сенбеуге шақырады.
Дәйексіз ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін.