Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Нұрбек ширек финалда өзбекстандық Турарбек Хабибуллаевпен жұдырықтасты.
ҚР ҰОК мәліметінше, үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліп қалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.