«Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына ерекше сый жасады (видео)

Желі қолданушылары оның бұл бастамасын қолдап, жылы лебізін білдірді.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі ата-анасына Астананың төрінен пәтер сыйлады. Актриса бұл күнді ұзақ күткенін айтты.

«Аллаға сансыз шүкір. Ұзақ күткен, айлар бойы дайындалған күнге жеттім. Ата-анама деп дайындаған пәтерді табыстау бақыты бұйырды. Өздерің барда мен баламын. Қос қанатым, күш беріп, тілеуімді тілеп, дұғаларынан тастамайтын жердегі жәннатым. Қандай сый, құрмет көрсетсем де, перзенттік парызым өтелмесін білемін. Баршаңызға дәл осындай құрмет көрсету бұйырсын», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары оның бұл бастамасын қолдап, жылы лебізін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.