Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы: елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі үсік күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, топырақ бетінде -3°C-қа дейін үсік, күндіз +17...+19°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +21...+23°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +22...+24°С.