Қазан айында Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 1-3 қазанда жұмыс істемейді.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 1, 2 және 3 қазанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған тасымалдаушылар мен азаматтардан маршруттарын алдын ала жоспарлау кезінде аталған шектеулерді ескеруді сұраймыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.