Велотректен із кесу сайысы бойынша қазақ спортшылары Азиаданың қола жүлдесіне таласады

Финал ертеңге жоспарланған.

Бүгін ХХ жазғы Азия ойындарында велотректен жарыс жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Рамис Динмухаметов, Дмитрий Носков, Әлішер Жұмақаннан құралған құрамамыз іріктеу кезеңінде Қытаймен жарысып, қарсыласқа жол берді. Нәтижесінде жігіттеріміз қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік беретін В финалына өтті.

Сондай-ақ командалық спринт сайысында (Кирилл Курдиди, Данияр Шахметов және Дмитрий Рязанов) командамыз финалға өте алмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.