Қазақстан мен Германия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі екеніне назар аударды. Елдерімізді берік достық пен өзара сенім байланыстырады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысы Германияға шақырғаны үшін Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтып, жоғары деңгейдегі қарқынды байланыс екіжақты әріптестіктің стратегиялық және жан-жақты сипат алғанын айқындайтынын жеткізді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі екеніне назар аударды. Елдерімізді берік достық пен өзара сенім байланыстырады. Сондай-ақ ынтымақтастықты дамытуға мол әлеует бар.

– Бүгінде ауқымды бағытты қамтыған қарым-қатынасымыз сенімді түрде дамып келеді. Оған үкіметтеріміз бен екі ел іскерлік топтарының дәйекті байланысымен беки түскен жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог айтарлықтай ықпал етіп отыр. Сапарымның қарсаңында Берлинде Үкіметаралық жұмыс тобының отырысы мен Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің өтуі қос тараптың өзара тиімді серіктестікті жандандыруға ынталы екенін көрсетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.