Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барды

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі. 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.