Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында күмістен алқа таққан еді.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұрымды дзюдошымыз 48 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Мицуки Кондомен кездесті. Нәтижесінде, Жапония өкілі жеңіске жетті.

Осылайша, Әбиба қатарынан екінші рет Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында күмістен алқа таққан еді.