Азиада-2026: Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев бесінші орынға ие болды

Бұған дейін Елдос Сметов (60 келіге дейін) пен Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бесінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

66 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Қытай өкілі Сюэ Цзыянмен кездесті. Белдесудің нәтижесінде қытайлық дзюдошы жеңіске жетті.

Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Азиада-2026-дағы жарысын бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметов (60 келіге дейін) пен Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.