Аичи-Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында теннистен жекелей сынның іріктеу матчтары өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аралас жұптық сынның 1/8 финалында Анна Данилина мен Александр Шевченко Өзбекстан өкілі Севил Юлдашева және Максим Шинді жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Есеп: 6-1, 7-5.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі мәліметінше, әйелдер арасындағы жұптық сынның 1/8 айналымында Анна Данилина әріптесі Юлия Путинцевамен бірге Анчиса Чанта және Пеангтарн Плипуечті (Таиланд) жарыс жолынан ығыстырды. Есеп: 5-7, 6-3, 10-6.
Еліміздің тағы бір жұбы Жібек Құламбаева мен Соня Жиенбаева 1/8 кезеңде Шуко Аояма/Эна Шибахарадан (Жапония) екі сетте басым түсті (6-4, 6-4).
Өкінішке қарай, ерлер арасындағы жұптық сайыстың ширек финалында Александр Шеченко/Тимофей Скатов жарыс қожайыны Юсуке Кусухара/Шунсуке Накагавадан 2 сетте жеңіліп, бәсекені аяқтады.
Жібек Құламбаева мен Бейбіт Жұқаев жұбы да Қытай өкілі Цзян Синьюй мен Чжан Тяньхуэймен ойнап, есе жіберді.