Продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші Қайрат Нұртастың концертінен кейін көрерменге алғыс айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол жиырма жыл бұрын ұлының арманын орындау үшін талмай еңбек еткенін, бүгінде соның жемісін көріп отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар продюсер жалғыз өзі талай жерге барып, жарнама ілген кезді еске алды.
«Мінеки, кеше ғана афишамды арқалап, бүкіл қала, ауыл, түкпір-түкпірдің бәрін қалдырмай, қайтсем ұлымның арманын орындаймын деп, жалғыз өзім көрмеген елдер мен жерлеріме жүйіткіген пойызға отырып алып, қиялға батқан кездерімді еске алып отырмын. Республика сарайына жылда 25 ақпанда туған күнінде халықпен тойласын деп, концерт жасайтынмын. Күн ызғарлы суық кезде афишаларым темірлерге не желіммен, не скотчпен жабыспай, саусақтарым үсіп қалған сәттерімді ұмыту мүмкін емес… Есімнен кетпейтін қиындықтардың, осыншалықты қуаныштың көз жасына айналатынын кім ойлаған. Міне 20 жыл, сіздердің махаббаттарыңызға бөленіп келеміз… Аллаға сансыз шүкірлер! Иә қазақ елі, сіздерді жақсы көрмеу мүмкін емес, себебі ұлымның артында қолдайтын, қанаттыға қақтырмай келген сіздер барда, менде мықтының мықтысымын! Аналық жүрегіммен сіздерге алғысымды білдіремін!» - деді продюсер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.