Конституция құндылықтары кеңінен насихатталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысында Конституцияның ережелерін азаматтарға кеңінен түсіндіруге және оның маңызын насихаттауға ерекше назар аударды.

Осы орайда «Әділет» партиясы Президенттің бұл тапсырмасы барлық құзырлы мемлекеттік органдар жұмысының маңызды бағыты болуға тиіс деп есептейді.

Құрылтайдағы «Әділет» пар­тия­сы фракциясының мүшесі, депутат Берік Беркімбаев Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа осы мәселе бойынша сауал жол­да­ды. Оның сөзінше, бүгінде аза­маттардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты көптеген нор­мативтік-құқықтық акті қа­былданып келеді. Алайда заң нор­маларын халыққа жеткізу­мен ғана шектелмей, олардың маз­мұнын қарапайым әрі тү­сінікті тілмен түсіндіріп, іс жү­зін­де қолдану тәртібін көрсету маңызды.

– Заңнамаға сәйкес, мемле­кет­тік органдар өз құзыреті ше­гін­де нормативтік-құқықтық ак­­­тілерге түсіндірме береді. Алай­да бұл жұмысты жалпы үйлес­ті­ріп, бірыңғай тәсіл қалыптас­тыра­тын мемлекеттік орган нақ­ты айқындалмаған. Соның сал­дарынан құқықтық түсіндіру жұ­мысы әртүрлі нысан мен тә­сіл арқылы жүргізіліп жатыр. Сон­дықтан бірыңғай үйлестіру­ші органды айқындап, орталық және жергілікті мемлекеттік ор­гандарға ортақ әдістеме әзір­леу орынды деп са­наймыз, – дей­ді депутат.

Сонымен қатар құқықтық тү­сіндіру жұмысының тиімділігі өт­кізілген кездесулердің, жа­рия­ланымдар мен іс-шара­лар­дың санымен ғана өлшенбеуі ке­рек. Негізгі көрсеткіш – аза­мат­тардың заң нормаларын қан­­шалықты түсінетіні, өз құ­қық­тары мен міндеттерін білуі жә­не қажетті құқықтық ақ­парат­ты қолжетімді түрде ала алуы. Алайда бүгінде азамат­тардың құқықтық ақпарат алу дең­гейін, ақпараттың қол­же­тім­ділігін және берілген түсіндір­ме­лердің сапасына қанағат­тануын тұрақты бағалайтын бі­рың­ғай тетік жоқ. 

Бұл мәселені ортақ әдістеме бойынша тұрақты әлеуметтік зерт­­теулер жүргізу арқылы ше­шу­ге болады. Оның нәтижелері түсінуге қиын заң нормаларын анықтап, құқықтық түсіндіру жұ­мысындағы проблемаларды нақтылауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

«Әділет» фракциясы «Заң мен тәртіп» қағидаты жүйелі құ­қықтық ағарту және түсіндіру жұ­мысымен қатар жүруге тиіс деп есептейді. Сол үшін құқық­тық түсіндіру жұмысын үйлес­тіре­тін бірыңғай мемлекеттік орган­ды айқындап, мемлекеттік органдар үшін ортақ әдістеме әзірлеу мәселесін қарастыруды ұсынады. Сонымен бірге аза­мат­тардың құқықтық ақпарат­тан хабардар болу деңгейін, құ­қықтық ақпараттың қол­же­тім­­­ділігін және түсіндіру сапа­сы­на қанағаттануын бағалайтын тұрақты әрі бейтарап әлеуметтік зерттеулер жүргізу тетігін енгізу қа­жет екенін айтады. Сосын сол зерттеу нәтижелері негізінде аза­маттарға түсіну қиын заң нор­маларын анықтап, оларды тү­сіндіру сапасын арттыру жө­нінде нақты шаралар қабыл­дау­ды сұрап отыр.